Бағдат Мусиннің айтуынша, кейбір ведомстволардың вице-министрлері өзінің негізгі жұмысымен айналыспай, жеткізушілерге айналғанын, тек серверде сатып алуға техникалық ерекшелемелер жазумен ғана айналысатынын жеткізді. Бұрын бұл жұмысты департамент директорлары атқарып келген.    

«Шын мәнінде, цифрландыру жөніндегі вице-министр цифрлық трансформацияны ілгерілетумен айналысуы тиіс. Бұл процестер автоматтандырудан несімен ерекшеленеді? Әдіснамалық сипаттама берген кезде біз автоматтандырумен айналыстық, яғни лицензия беру немесе жер қойнауын пайдалану құқығы, бұл құқық заңнамалық актілерде және салалық вице-министр жетекшілік ететін тиісті нұсқаулықтарда сипатталды, немесе департамент оны автоматтандыру керек деп сипаттады, содан кейін IT мамандары бұл процестерді автоматтандырды. Яғни, біз негізінен қолданыстағы НҚА-дан шығып, бизнес-процестерді автоматтандырумен айналыстық. Мәселен, өткен жылы мамандандырылған ХҚКО-ға барған кезде біз халықтың легін байқадық. Бұл жағдайды түзетуге, процестерді автоматтандыруға болады. Бірақ біз ол жерге барғанда мұның мүмкін емес екенін түсіндік. Біз оны жай онлайн режимге көшіріп, екінші деңгейлі банктермен бірге автокөлікті онлайн сату, автокөлікті қайта тіркеу жүзеге асырылды. Бұл цифрлық трансформация», - деп түсіндірді министр.  


Электрондық қолтаңба, интернет, мәліметтер базасы және биометрия бар, ең бастысы - жеке басын сәйкестендіру. Тиісінше, адамға ешқайда барудың қажеті жоқ. ІІМ жаңа форматты қолдады, қазір көліктердің үштен бірінен көбі онлайн режимде қайта рәсімделуде.  

«Президент вице-министрлер әрбір процесті автоматтандыруға алып қана қоймай, жалпы процестердің қажеттілігін қайта қарауын күтеді. Жұмыстарды солай ұйымдастыруымыз. Мысалы, мүгедектік алу үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде адамдар 4 орынға баратынын білеміз. Емханаға, МСЭД, ХҚКО және т.б.. Ол мүгедек бола тұра, оны нақтылау және жәрдемақы алу үшін біраз жүгіруі керек. Міне, осы процесті біз Еңбек министрлігінің цифрлық трансформация жөніндегі вице-министрімен бірге толықтай қайта қарап, жалпы жаңа тетікті ұсындық. Адам емханаға бір-ақ рет барады. Медицина қызметкері барлық диагноздарды, құжаттарды және т.б. дерекқорға енгізеді. Одан әрі онымен байланыс SMS немесе қосымша арқылы жүреді. Қазіргі кезде бұл мүмкін. Менің жұмысым олардың әрқайсысы түсініп, өз саласы бойынша сыбайлас жемқорлық, тәуекелдер, бюрократия және т.б. жағдайларды өзгертуге мүмкіндік беретін жаңашылдықтарды ұсынуын үйлестіру», - деді Мусин.  


Айта кетейік, KPI «Цифрландыру есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасынан шығатын болады. Тиімділіктің базалық көрсеткіштері әрбір вице-министрге белгіленеді.