«Бұл халықаралық тәжірибеде жиі кездеседі, яғни «people first PPP» немесе «МЖӘ адамдардың игілігі үшін». Енді бұл МЖӘ жобаларын іске асырудың негізгі қағидаты. Бұдан басқа, МЖӘ жаңа белгісі енгізілді: МЖӘ жобасын іске асыру үшін жеке әріптес міндетті түрде инвестициялар салуы керек. Бұрын жобаны өз салымдарынсыз іске асыруға болатын, енді жеке әріптес жаңғырту, салу, цифрлық платформалар мен жабдықтарды енгізу арқылы жобаға міндетті түрде инвестиция салуы тиіс. «Саннан сапаға» көшу үшін көптеген өзгерістер енгізілді. Ел басшылығы тарапынан алғашқы жылдары барлығы орталық аппаратта да, өңірлерде де сандық көрсеткіштерге ұмтылды деген дұрыс сын айтылды. Енді жобалар аз болсын, бірақ олар ірі және жақсы болады. Сонымен қатар, инвестициялық климатты жақсарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп түйіндеді спикер.  


2020 жылы бюджеттік инвестициялар есебінен жалпы құны 580 млрд теңге болатын 532 жоба іске асырылды. Бұл негізінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңарту және салу жөніндегі жобалар. 2 900 км сумен жабдықтау желілері жаңартылып, салынды.  


1 400 км газбен жабдықтау желілері, 12,5 мың км кәріз желілері, 246 км жол реконструкцияланды. Сондай-ақ, 390 мың м2 тұрғын үй ғимараты, 100 төсек-орындық онкологиялық емхана мен орталық аудандық аурухана және басқа да әлеуметтік маңызды нысандар салынды. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде барлығы 8 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, жаңалары ашылды.