«Қазір «Азаматтық бақылау» пилоттық жобасы қолға алынды, егер чек берілмесе немесе тұтынушылардың құқықтары бұзылса, оны арнайы мобильді қосымша арқылы түзете аласыз және бізге хабарласуыңызға болады. Тексеруге шықпай-ақ жауапкершілікті қашықтан қарастырамыз. Біз мораторийді бұзбай, бақылауды жүзеге асыра аламыз. Егер заңды негіздер жеткілікті болса, құжаттар дұрыс ресімделсе, мұндай кәсіпкерлерге қатысты тиісті әкімшілік санкциялар қабылданатын болады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау - бұл мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті емес, біз салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз етеміз. Сіздің алаңдаушылық танытып отырғаныңызды түсінеміз, кассалық чектердің бәрі бірдей кассалық аппараттар арқылы өтпейтінін білеміз. Сондықтан қазір цифрлық технологиялар арқылы салықтық әкімшілендірудің балама шаралары қарастырылуда», - деді салық органының өкілі көпшілікті толғандыратын сұраққа берген жауабында.