«ҚР Қылмыстық кодексіне, әкімшілік кодексінің кейбір баптарына енгізілетін өзгеріс экологияны, қоршаған табиғи ортаны, соның ішінде ұлттық парктерді сақтауға оң ықпал етеді деп есептейміз. Қазақстанның табиғи байлығы, орман алқабы ондағы жануарлар дүниесі, жойылып кету қаупі бар жануарлар бар, эко жүйе толығымен сақталып, бабадан балаға аманат ретінде жалғасып отыруы тиіс. Сондықтан ұлттық парктердегі құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында өзгерістер енгізуді ұсынамыз», - деді спикер.  


Заң жобасының толық нұсқасымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында Құжаттар бөлімінен танысуға болады.  


Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жалпы ауданы 26,2 млн га, яғни ел аумағының 9,6% құрайды, оның ішінде заңды тұлға мәртебесі бар аумақтар 7,6 млн га немесе республика алаңының 2,78%-ын алып жатыр. Сонымен қатар, елімізде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 13 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 6 мемлекеттік табиғи резерват бар.