Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау күшейтілетін болады.  

«Қылмыстық кодекске енгізілетін өзгерістер теріс қылық санатынан қылмыс санатына ауыстыру арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың жауапкершілік деңгейін арттырады және құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаны қатаңдатады: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру, қоқыстану, жерді бүлдіру, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу. Сонымен қатар, орман алқаптарын сақтау мақсатында орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны, ормандарды молықтыру мен орман өсіргені үшін едәуір залал келтіре отырып жауапкершілікті қатаңдату көзделуде. Бұл орман пайдалану мен ағаш кесуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға және заңсыз ағаш кесу үшін әділ жаза белгілеуге ықпал етеді», - деп ескертті эко-ведомство өкілі.