Бүгінгі күні облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 65% құрайды. Алдағы уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66% жеткізілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.  


Өңір әкімі тұрақты экономикалық өсуді және өңірде өмір сүруге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін барлық бағыттар бойынша жұмыстар ұдайы жалғасып отыратынын атап өтті. Мемлекет басшысының өз Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын орындау бойынша өңірде ахуалдық орталықтағы бірыңғай диспетчерлік қызмет күнделікті халықтың өтініштерімен ескертулерін қабылдауда. Соңғы 3-4 айдың өзінде келіп түскен 9500 жуық өтініш өңделді. Өтініштермен ескертулер барлық әлеуметтік желілер және «109» колл-орталығы арқылы қабылданады. Нәтижесінде, мәселелерді жедел және уақытылы шешудің арқасында, барлық бағыттар бойынша өтініштермен ұсыныстардың саны азайды.