«Әрине, біз нарықтық экономика жағдайында өмір сүреміз, шекараларымыз ашық, бағаның өсуіне бізде өндірілмейтін азық-түлік өнімдерін (өсімдік майы, қарақұмық...) әкелуден бастап көптеген сыртқы факторлар әсер етеді деп айта аламыз, бірақ бұдан тұрғындарға оңай болмайды. Мемлекет басшысы инфляцияны, бағаның өсуін тежеуге, қабылданып жатқан шараларға көп көңіл бөледі. Біз өңірде өзіміз не өндіре алатынымызды және қажетті көмекке қандай қаражат жұмсайтынымызды талдадық. Екі механизм бар: тұрақтандыру қоры және әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сатып алу үшін ұйымдарға жұмыс істеуге қаражат бөлу. Осы мақсатта мәслихаттың соңғы сессиясында тұрақтандыру қорына 2,2 млрд теңге, ал айналым қаражатына шамамен 1 млрд теңге бөлінді. Бұл тек белгілі бір тауарлар шеңберіне арналған, тек оны сақтау керек, өйткені көптеген компоненттер бар: сақтау, жеткізу, тасымалдау, бірақ биыл көктем мен жазда бағаның маусымдық өзгеруіне байланысты болған проблеманың алдын аламыз деп үміттенемін. Қажетті тауарлар тізімі – картоп, пияз, қырыққабат - маусымнан тыс уақытта баға мәселесі туындамас осыларды қоймада жинай бастадық. Жазда бағаның күрт артуына жол бермейміз», - деп сендірді Оразалин.