Оның айтуынша, көрсеткіштер Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске негіз болған басты принциптердің тиімділігін дәлелдейді: соттың белсенді рөлі, құқықтардың басымдық қағидаты, мемлекеттік органдардың өз актілерінің немесе әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеу міндеті, сенімге құқықты қорғау және т. б.    


«Жаңа процестің ерекшелігі - әкімшілік органмен немесе оның лауазымды тұлғасымен татуласу мүмкіндігі. Бұрын мұндай болған емес. Егер адам мемлекетпен дауласса, ол ұтылатын немесе жеңетін, ал жеңістер көрсеткіші 15%-дан аспайтын. Қазіргі кезде халық пен мемлекеттік органдар өкілдері татуласуды таңдайтынын байқап отырмыз. Өткен 4 айда 546 іс тараптардың татуласуымен аяқталды, судьялар 546 бітімгершілік келісімін бекітті, олар бойынша мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар азамат құқығын іске асыру туралы мәселеге қайта оралды және азаматтың құқықтарына нұқсан келтіретін өз актілерінің күшін жойды. Мысал келтіріп өтейін, жақында ҚБ пен министрлік арасында дау болды. Татуласу нәтижесінде бірлестік өз талабынан бас тартты, ал ведомство оны ҮЕҰ арасындағы конкурсқа қатысу үшін тізімге енгізді. Осылайша, сотқа жүгіну дерегінің өзі әкімшілік органдарды азаматтың құқықтарын қалпына келтіруіне итермелейді», - деп атап өтті спикер.