ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин судьялар корпусын жетілдіру жөніндегі жұмыс тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізді.   


«Бұл туралы ақпарат әрдайым БАҚ-та жарияланады. Қазір пара алды деген күдікпен ұсталған судья Жанқұтдиновтың үстінен сот процесі жүріп жатыр. Жалпы, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 6 судья теріс қылықтары үшін қызметінен босатылды. Соңғы 4 жылда, 2018 жылдан бастап, 60 адам, 2013-2017 жылдары осы негіздер бойынша 45 судья қызметінен босатылды. Яғни, көрсеткіштер белгілі. Тиісті жұмыс жүргізілуде», - деп түйіндеді Фемида өкілі.