«Егер мемлекеттік органдарға қарсы талап-арыздар туралы айтатын болсақ, 1 шілдеден бастап 9 мыңнан астам талап-арыз келіп түсті, олар бойынша 2 мыңнан астам шешім шығарылды және мемлекеттік органдар 46%-нда жеңілді. Ақтау үкімдеріне келетін болсақ, ағымдағы жылдың алты айында 113 ақтап шығару үкімі шығарылды, оның ішінде 66-ы ауыр және 6-ы аса ауыр қылмыстар бойынша. Яғни, 70-тен астам жағдайда мұндай қылмыс жасады деп айыпталған адамдар кінәсіз деп танылды. Бұл қылмыстық істерді қарау тәсілінің объективтілігін көрсететін айқын көрсеткіш», - деді ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде журналистің қойған сұрағына берген жауабында.