Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай геологиялық материалдарды сақтау және өңдеу бойынша мемлекеттік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 100% дейін жеткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.  


Оның айтуынша, экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында энергетикалық кешенді жаңғыртуды көздейді. 2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту есебінен 5 404 МВт қосымша қуатты, оның ішінде 2 400 МВт ЖЭК қуатын, 1 400 МВт бу-газ қондырғыларын және 1 604 МВт іске қосу жоспарлануда.  

«Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау облыстары арасында электр жеткізу желісінің екінші тізбегін (220 кВ) салу жоспарлануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК-тен алынатын электр энергиясының үлесі 6%-ке жетеді.  
Жобаларды іске қосу экономиканың электр энергиясына қажеттілігін 120 млрд кВт/с. дейін өтейді», - деп атап өтті спикер.