Бұл бағытты іске асыру шеңберінде 10  тапсырма, 30 көрсеткіш пен 69 іс-шара көзделген. 


Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 8,5 трлн. теңге, соның ішінде, республикалық бюджеттен 1 трлн. теңгеден аса, жергілікті бюджеттен 125 млрд теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, 7,3 трлн теңге сомасына жеке инвестиция тарту қамтамасыз етіледі.  

«Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бағыты шеңберінде кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету көзделеді. Өз ісін ашу үшін, оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жағдай жасау бойынша шаралар қабылданады. Іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында шетелдік бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру көзделеді. Сонымен бірге, жұмыссыздарды қамту мақсатында «Түлектерге арналған жастар практикасы», «Әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты жобалар, сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «күміс жас» жобасы іске асырылады.  

Барлық шараларды қабылдау нәтижесінде жеке ісін ашқан адамдардың үлесі 1,7 есеге артады. 

Субсидияланатын жұмыс орындарынан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 1,4 есе өседі. Қаржылық емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 638 мың бірлікке жетеді, қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 55-тен 80%-ке дейін өседі.  

«Кәсіпкерлердің өсуін жеделдету» бағыты бойынша кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту жоспарланған. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «Бизнеске арналған үкімет» порталына интеграциялау 2025 жылы ШОБ субъектілері үшін көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін 40%-ке дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру ұсынылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар бөлу ауылда 55 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісін құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қаржылық қолдау шарасы кәсіпкерлік субъектілерінің 52 мыңнан астам жобасына ұсынылады. Ұлттық тауар өткізу желісін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады.  Бөлу, сату және сақтауға арналған 24 көтерме-тарату орталығын құру; 5 трансшекаралық сауда орталығын құру мен жаңғырту; сондай-ақ, стационарлық форматта 103 сауда нысанын жаңғырту көзделген», - деді министр. 


Нәтижесінде көпформатты сауда нысандарының саны 6-дан 132 бірлікке дейін артады. «Жаңа тауашаларды қалыптастыру» бағыты шеңберінде туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделген. Елдің туристік әлеуетін ашу мақсатында 1000-ға жуық инвестициялық жоба іске асырылып, жол бойындағы сервис желісін дамыту қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі туризм саласының көлемі кемінде 8%-ті құрап, ішкі туристік ағын 5,3-тен 8 млн адамға дейін ұлғаяды, ал туризм саласындағы инвестициялар көлемі шамамен 7 трлн теңгені құрайды. 


«Туристік саланы дамытуға заманауи технологияларды енгізу үшін туристік қызмет көрсету саласы мен сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында шаралар көзделген. Бұл орналастыру орындарының 95%-ін E-QONAQ ақпараттық жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді. «Бәсекелестікті кешенді дамыту» бағыты шеңберінде тауар биржаларын дамыту, экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен алу және салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету шаралары көзделген. Нәтижесінде сұйытылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізу үлесі 100%-ке дейін ұлғайтылады. 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ке дейін азайтылады», - деді ведомство басшысы. 


Мемлекеттік тапсырмалар саны 157-ден 70 бірлікке дейін қысқартылады. Сонымен қатар 20 операторды тарату және қайта ұйымдастыру қарастырылған. Бірыңғай операторлар саны 1,6 есеге қысқарады.