«Бұл жер астындағы ілеспе газ. Оны өндіріп, жер бетіне шығару керек. Ол үшін көп инвестиция қажет. Осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу жоспарланған. Ол үшін кәсіпорындарды газға ауыстыруымыз керек. Бүгінде елімізде электр қуатын өндіретін компаниялардың 70% көмірмен жұмыс істейді, сондықтан Париж келісімі бойынша 2030 жылы бұл көрсеткішті 40% дейін төмендетуіміз керек. Бұдан бөлек, ірі тау-кен компанияларының Еуроодақ елдеріне экспортында көміртек ізі болса, онда 2026 жылдан бастап олар салық төлейді. Оны төмендету үшін ірі компанияларды көмірден газга ауыстыруымыз керек. Сол себепті инвестиция тартып, газ ресурсын ұлғайтуымыз керек. Осы бағытта энергетика министрлігіне үлкен фискалдық префференциялан жасалды, ол биыл үкіметте талқыланып, келесі жылдың баында мәжіліске енгізілетін болады. Елімізде газ тұтыну көлемі 17 млрд текше м құрайды, яғни газ тапшылығы жоқ. Бірақ РФ алмасу операциясы бар. Егер біз Ресейге батыстан Қарашығанақ газын жеткізсек, басқа өңірлерге Ресей газын аламыз, бұл оны тасымалдамау үшін жасалады. Бірақ таза импорт жоқ. Қазақстан өзге елдің газынан тәуелсіз», - деді Жөребеков.