«Соңғы 3 жылда тұрғын үйлерде әкімдіктер мен демеушілер есебінен 135 мыңнан астам автономды датчиктер орнатылды. Осы жұмыстың тікелей нәтижесі өткен жылыту кезеңдерінде 140 азаматтың өмірі мен денсаулығын құтқарған 36 датчиктің іске қосылуы болып табылады. Мысалы, 2020-2021 жылдардағы жылыту кезеңінде 4 жағдайда үй-жайдағы улы газдың шекті рұқсат етілген концентрациясын анықтайтын датчик іске қосылып, соның арқасында 15 адам қатты улану мен өлімнен аман қалды. Бүгінгі күні улы газбен уланудан қаза 1 болып, 11 адам жарақат алды. Жылыту маусымы басталғаннан бері улы газбен уланудан қаза тапқандардың 4 есеге, жарақаттанғандардың 60%-ға төмендегені байқалады», - деді Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы. 


Спикер ТЖМ тарапынан жеке тұрғын үй қорының өртке қарсы жағдайына бақылау қарастырылмағанын, жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тұрғын үйді тексеру және ұсыныстар беру тұрғын үй иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Жылыту құралдарын дайындау кезінде туындайтын мәселелер бойынша кеңес алу үшін азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.