«Ел тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Алматы облысында жалпы өңірлік өнім көлемі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 35 млн теңге болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 3,7 трлн теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 млн теңгеден 1,2 трлн теңгеге дейін өсті, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн теңгеден асады деп жоспарлануда. 14,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал бюджет түсімдері 1997 жылғы 11 млрд теңгеден бүгінгі күні 742 млрд теңгеге дейін өсті. Осы жылдар ішінде облыс экономикасына 6,5 трлн теңге инвестиция тартылды», - деді облыс әкімі.  

Ірі брендтік компаниялар құрылды. Трансұлттық компаниялардың республика бойынша 19 жобасының 9-ы Алматы облысында жүзеге асырылуда. Инвестициялардың жалпы сомасы 290 млрд теңгені құрайды.