«Соның 3 млрд теңгесі 0,01% кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелендіруге және 700 млн теңгесі 8,7 мың тонна өнім сатып алуға бағытталды. Бағаның өсуін тежеу мәселесі басым болып табылады және қатаң бақыланады. Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бүгінде облыста 128 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді, онда 269 мың адам еңбек етеді. 9 ай ішінде бюджетке 144 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,8 есе артық. Қолданыстағы бағдарламалар аясында 3 мыңнан астам кәсіпкер 26 млрд теңге сомаға қолдау алды. Жыл қорытындысы бойынша ШОБ субъектілерімен шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет көлемі екі трлн теңгеге жетеді, ал олардың ЖӨӨ - дегі үлесі 34,3% - ға дейін артады", - деді әкім.  


Осылайша, мемлекет басшысының 2025 жылға қарай 35% жеткізу туралы тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалады.