«Шығыс өңірі Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен  Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  бастамаларын табысты іске асырып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттерді абыроймен орындап келеді. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, 1,5 мың теңгеден, 3,8 млн теңгеге дейін ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар, 780 млн-нан 780 млрд теңгеге дейін артты. Жұмыссыздық деңгейі 11-ден 4,8% дейін азайды. Жыл басынан бері облыста өнеркәсіп өнімінің көлемі 105,2%, ауыл шаруашылығы өнімі 105,2%, инвестиция 105%, құрылыс көлемі 106,2% өсті. Бұл, мемлекеттік бюджетке түсімді 138%, соның ішінде жергілікті бюджетке түсімді 136 % арттыруға мүмкіндік берді. Экономиканың өсуі, бизнесті қолдау шараларымен үйлесіп, еңбек нарығында тұрақтылықты сақтады. Орташа айлық жалақы 118 % өсіп, 216 мың теңгеге жетті», - деді облыс басшысы.