Енді ғимараттарын қайта жаңартуды жоспарлануда. Сондай-ақ, Зайсан қаласындағы әуежай жұмысын қайта жаңғырту көзделген.  


«Облыс орталығында қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Үш жыл ішінде, отандық кәсіпорындар шығарған және мүгедек адамдарға бейімделген 60 автобус сатып алынады. Қазан айында алғашқы 13 автобус тұрғындарға қызмет көрсете бастады. 2025 жылға дейінгі Инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша, жалпы инвестиция көлемі 218 млрд теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Семей қаласында автокөлік көпірі, Өскемен және Семей қаласын айналып өтетін жолдар құрылысы. Республикалық, облыстық және аудандық маңызға ие автокөлік жолдарын дамытуға, сондай-ақ, елді мекендердегі көшелерді жөндеуге айтарлықтай қаражат қарастырылған. Бұл мақсатқа биылғы жылы – 57,5 млрд теңге бағытталды», - деді облыс басшысы. 


ШҚО әкімінің мәліметінше, бір жылдың ішінде жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 85-тен 89% өсті.