Оның сөзінше, ағымдағы жылы 22 мың балаға арналған қосымша 1268 секция жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. 2021 жылға мемлекеттік тапсырыс - 2 мың бала, 2025 жылға қарай - 15 мың бала.   

«Осылайша, биыл балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 109 мыңы немесе 56,4% дене шынықтырумен және спортпен тегін айналысуға мүмкіндік алады. 2020 жылы 85 мың бала немесе 44% қамтылған. 2025 жылы біз 163 мың санға шығамыз немесе балаларымыздың 78% спортпен және дене шынықтырумен айналысатын болады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттеріне сәйкес спорттық инфрақұрылымды кеңейту жалғасады. Өткен жылы 6 нысан пайдалануға берілді. Биыл тағы 14 спорт нысан іске қосылады. Ең бастысы, нысандар үлкен елді мекендерде және 9 бұрынғы аудан орталықтарында салынуда. 2023-2025 жылдар ішінде бірқатар ірі спорт нысандарының құрылысы жоспарланған. 2021 жылы біз спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің 97%-ына қол жеткізуіміз керек», - деп атап өтті аймақ басшысы.  

 
Бұдан басқа, жоғары жетістіктер спортын дамыту шеңберінде келесі жылдан бастап халықаралық деңгейдегі спорт консультанттарын тарта отырып, басым түрлер бойынша жаттықтырушыларды оқыту жоспарлануда.