«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді, тәулігіне 1 500 жағдай тіркеледі, соңғы екі айда ауру 3,4 есе төмендеді, аптасына 33346 жағдайдан 9722 жағдайға дейін, бұл инфекцияның таралуына да әсер етті, 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,11-ден 0,92-ға дейін 1,2 есе төмендеді, инфекциялық төсектердің қамтылуы 30%-ға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 26%-ға дейін төмендеді», - деді ведомство басшысы. 


Министр атап өткендей, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан жасыл аймаққа ауысты, сондай-ақ жасыл аймақта 9 өңір бар. Орташа тәуекел аймағында немесе сары аймақта 6 өңір бар. Жоғары тәуекел аймағында, яғни қызыл аймақта елдің 2 өңірі қалып отыр - Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.