«MaCdent осыдан 3,5 жыл бұрын «Astana Hub»-тың акселерациялық бағдарламасына қатысқан. Ол кезде стартап MVP - өміршеңдігі минималды өнім болған. Үш айлық бағдарламадан өтіп, ресейлік трекерлермен жұмыс істедік, нарықты таңдау, сатылымды арттыру, инвестор мен серіктестер іздеу бойынша білім алып, алғашқы клиентімізді таптық», - деді спикер.  


Бүгінде MacDent онлайн сервисінде 1800-ден астам қолданушы тіркелген, Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінде 210-нан аса стоматология осы жүйені пайдаланады және сервис арқылы 673 мыңнан артық көрсетілді. Сондай-ақ 2ГИС-пен бірлесіп, тіс емханасына келушілерге арналған онлайн жазылуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілді. Бұл пандемия кезінде аса өзекті болып табылады.