Оның айтуынша, көптеген халықаралық өкілдер волонтерлік негізде қатысушыларға түрлі елдерде кездесулер ұйымдастыруға көмектеседі.  

«Сан-Францискода, Түркияда және БАӘ-де біздің өнімдерімізді осы елдерде сатуға және сол жерден инвестиция тартуға көмектесетін ресми өкілдер бар. Қаржы институттарымен жеке жұмыс істейміз. Qaztech Ventures - венчурлық қаржыландыруды белсенді дамытатын серіктестеріміз. «Зерде» холдингі және көптеген жеке венчурлық қорлар мен бизнес періштелері. Жалпы, қатысушылардың даму үрдісі жақсы. Мысалы, қатысушыларымыздың экспорттық табысы былтыр 3,5 есеге өсті. Өткен жылы 14 млрд теңге болса, биыл 50 млрд теңгені құрайды», - деді спикер.