«Биыл күріш егісі 89,5 мың гектардан 83,6 мың гектарға дейін қысқартылды. Су тапшылығына қарамастан өткен жылғы деңгейде - 500 мың тонна өнім алынды. Алдағы уақытта егіс алқаптарын 80 мың гектарға дейін көлемінде қалыптастыруды жоспарлап отырмыз, бұл ретте ылғал аз қажет ететін дақылдар – соя, жүгері, майлы және жемшөптік дақылдар егістігін ұлғайтатын боламыз. Сонымен қатар, суландырудың ылғал үнемдеу технологияларын - аквагельдерді, жаңбырлатып суаруды, көшет әдісін енгізудеміз», - деді облыс басшысы. 


Оның айтуынша, суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыруды және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсаты алға қойылды. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қараөзек су қоймасының құрылысы басталады.