«Бүкіл дүниені дүр сілкіндірген коронавирус індетінің таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде үлкен жұмыстар атқарылды. Түркістан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша жыл бойы «жасыл аймақта» болған елдегі жалғыз аймақ. Бұл ретте бірлескен ұжымдық жұмыс пен дәрігерлердің еңбегі орасан зор, деп біз емес - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері атап өтті. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жұқпалы ауруханаларда дүрлікпе жоқ, төсек-орындардың көпшілігі бос»,- деді облыс әкімі. 


Сонымен қатар, вируспен одан әрі күресу үшін өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Жаңа көпсалалық аурухана салынуда, аймақта жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді.