«Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында жеке инвестиция тартуға көп көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда бірнеше ірі жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, «Састөбе» химиялық кешені. Құны 136,6 млрд теңгелік химиялық зауыт. Бұл жерде каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, цемент шығарылады. Мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Мұнай өңдеу зауытында 5- класты мотор отынын және мұнай-химия өнімдері өндіріледі. Қазір нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты бұл зауыттың да маңызы өте зор деп ойлаймыз. Мұнда 650 жұмыс орны құрылады. Фосфор кендерін өңдеу зауытында да 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл зауыттардың салыну мерзімі - 2022-2023 жылдар. Цианид натрия өндіретін зауыт 2021-2023 жылдары салынады. Сондай-ақ, көмір-химия комбинаты салынып, қазір өнімін беріп жатыр. Онда инновациялық технология енгізіліп, көмірден мұнай өнімдері шығарылуда», - деді спикер.  


Облыс әкімі өнеркәсіп саласында 62 млрд теңге құрайтын, 4000 жұмыс орнымен 50-ден астам орта деңгейдегі кәсіпорын ашылып жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 530 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы деңгейден артығымен орындалды.