«Облыста 945 мектепте 509,7 мың бала оқиды. Апатты және үш ауысымды мектептің мәселесін шешу мақсатында биыл облыста 78 мектеп құрылысы жүргізілуде. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, биыл республика бойынша 200 жуық мектеп іске қосылса, облыста оның 47-сі пайдалануға беріледі. 2025 жылға қарай 130 жаңа мектеп салу жоспарланған. 
Бағдарлама аясында жыл сайын 108 мектеп жаңғыртудан өтетін болады. сондай-ақ, жаңа үлгідегі 4 Binom мектебі салынады. Жақында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталды және Түркістан қаласында 700 оқушыға арналған 500 орындық жатақханасы бар «Дарын» мектебінің құрылысы жүргізілуде», - деді облыс әкімі.