«Биыл Ақтөбе-Атырау бағытындағы жол құрылысының өңірімізге тиесілі бөлігі 100% аяқталды. Жыл соңына дейін көлік қозғалысы ашылады. Ал Ақтөбе –Астрахань тас жолына келсек, оның жалпы ұзындығы 270 км. 1-кезеңде Ресей мен Құрманғазы ауылына дейінгі 60 км жол құрылысы бітті, асфальт салынды, қалған 217 км жол 4 мердігер компания арасында бөлініп, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселе мынада, жол құрылысына пайдаланылатын топырақтың ішінде гипстің үлесі жоғары екендігі анықталып, технологияны өзгертуге тура келді. Қазіргі кезед жобалық-сметалық құжаттамаға тиісті өзгеріс енгізіліп, сараптамадан өтуде. Бұл жол құрылысы уақытының ұзаруына әкелді. Бұл жолдың құрылысы біздің бақылауымызда», - деді облыс әкімі өз жауабында.  


Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы 2022 жылдың соңына дейін аяқталады.