«Әкімдік не істеп жатыр? Өздеріңіз білесіздер, үкіметаралық топ құрылды. Келісім бар. Қазір екі жақ та зерттеп жатыр: сулылық қандай, тұтыну қанша, бұдан әрі не істеуге болады, қандай жоспарлар құрамыз? Біз күтіп жатырмыз. Бірінші міндетіміз - шаруашылық жүргізуші субъектілер одан аз су алуы үшін Жайық өзеніне түсетін жүктемені азайту. Мысалы, қазір сол жағалауда кәріздік тазарту сорғы станциясы іске қосылды. Одан шығатын су - тәулігіне шамамен 20 000 текше метр - біз оны қайта технологиялық қажеттіліктерге алуды жоспарлап отырмыз. Екіншісі - арнаның төмен бөлігінде, ол теңізге құяды, ол одан да таяз және балық өте алмайды, балық жүретін каналдар қалпына келтірілді. Биыл Қиғаш өзеніндегі жұмыстар жалғасуда. Жайық өзенінде жұмыстар болған жоқ, өйткені ЖСҚ күтіп отырмыз, келесі жылдан бастап қайта жаңғыртуды қолға аламыз. Екі мемлекет арасында Жайық өзенін сауықтырудың Жалпы бағдарламасы қабылданғаннан кейін осы бағдарламаны іске асырамыз», - деп жауап берді аймақ басшысы.