Оның сөзінше, тексерулер ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіби бақылау түрінде жүзеге асырылады. Тізім жарты жылға алдын ала жасалады. Тексеру жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс болуы да мүмкін.
«Тексеру парақтарының негізгі талаптары мүгедектігі бар адамдарды кедергісіз кіруді қамтамасыз ету болып табылады. Бірінші кезекте, кіру топтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге (сырттағы саты, пандус, кіру тобы); сондай-ақ объекті аумағына кіруді қамтамасыз етуге назар аударылады, егер бұрын пандустың болуына ғана назар аударсақ, бүгінгі күні тұрақ, автобус аялдамалары, әкімшілік ғимарат, вокзалн, базар, сауда орталықтарынан бастап; шешінетін орын, тіркеу, тұрмыстық үй-жайларды қамти отырып, қызмет көрсету аймақтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету; объектідегі ақпарат және телекоммуникация құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету: тактильді ақпарат құралдары, белгілер мен символдар, лифтілердегі хабарлағыштар; мүгедектерді қозғалыс жолымен қамтамасыз ету; мүгедектердің қоғамдық көлік түрлеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету, мүгедектердің мәдени-ойын - сауық іс-шараларына, сондай-ақ спорт құрылыстарына кіруіне жағдай жасау», - деп түйіндеді ведомство өкілі.