Жолдар ақылы, бірақ қызмет көрсету деңгейі төмен, дәретханалар жоқ. Кеңестік бетон «қораптар» әлі бар. Бұл жағдай қашан өзгереді, мысалы, Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы, ол бұрыннан ақылы жол емес пе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист көптеген жүргізушілер мен жолаушылардың жан айқайын жеткізді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ақылы жүйені енгізу аясында бұл мәселелердің барлығы шешіледі деп сендірді.
иллюстративное фото с сайта tengrinews.kz
«Біз санитарлық-гигиеналық нысандарды орнату үшін инвестициялық байқау өткіземіз. Бүгінгі таңда 54 демалыс алаңы бар, оларға коммуникациялар тартылды: су, электр. Бірінші кезекте бұл учаскелер осы конкурсқа қатысады. Одан әрі зәкірлік инвесторлармен келіссөздер жүргіземіз (негізінен бұл ҚазМұнайГаз ЖМҚС, Гелиос, ГазЭнерджи), облыс әкімдіктерімен бірге жер учаскелерін өңдейміз, бөлеміз және олар да өздерінің қызмет көрсету объектілерін салады, оның ішінде санитарлық-гигиеналық объектілер, былайша айтқанда дәретханалар да қарастырылған. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада белгілі бір нәтижелер болады деп ойлаймын», - деп жауап берді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!