«Қазіргі уақытта өңірлік тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 17 түрі бойынша 5 200 тонна қоры сақталуда. Қажет болған жағдайда ол нарыққа шығарылып, интервенция жасап, бағаның өспеуін толықтай қамтамасыз ете аламыз. Сонымен қатар, азық-түлік бағаларын төмендету және ұстап тұру үшін облыстағы барлық сауда желілерімен бағаны 40 меморандумға қол қойылып, 125 сауда орнында қолжетімді бағамен сатылатын «әлеуметтік бұрыш» жобасы іске қосылды. Сондай-ақ, өңір нарығын жергілікті тауар өндірушілердің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 139 млрд теңге сомасына 54 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жылыжайлар салу бар», - деді өңір әкімі.  


Бұдан басқа, мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақтау қаласында коммуналдық базар мен көтерме тарату орталығының құрылысы жоспарланған.