«Соңғы үш жылдың ішінде ғана бюджет есебінен 256 километр сумен жабдықтау торабы, 215 км электрмен жабдықтау желісі, 27 километр жылу торабы, 52 километр жол жөнделіп, салынды, 1 200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша, үш 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, қаланы дамыту үшін жуық арадағы бес жылда бюджеттен 113 млрд теңге, сонымен қатар мемлекеттік органдар үшін ғимараттардың құрылысы мен күтіп-ұсталуына 16 млрд теңге бөлінеді. Қарқын бар және бұл жұмыс жалғасатын болады», - деді спикер. 


Ермек Маржықпаевтың айтуынша, облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру, халық саны ұдайы өсіп келе жатқан елді мекеннің қажеттілігін орындауда оң серпін береді, өмір сүру жағдайы жақсарып, әлеуметтік объектілер мен инженерлік инфрақұрылым белсенді дамитын болады.