«Биыл тұрғын үй құрылысы саласында «сапалы серпіліс» жасап, ауданы 655 мың шаршы метр болатын 32 үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл 5 мыңнан астам пәтерді құрайды. Оның ішінде бүгінде 483 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 3,5 мың ақмолалық отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Көп балалы және әлеуметтік осал отбасылар – баса назар аударылатын әлеуметтік топ. Қаржыландыруды ескере отырып, 411 жалға берілетін пәтерді, оның ішінде көп балалы отбасылар үшін 131 пәтер бөлу жоспарланып отыр», - деді спикер.