Ол экономиканың шикізаттық емес секторлары инвестициялық белсенділік өсуінің негізгі локомотивтеріне айналғанын атап өтті. 


«Өңірлер бөлінісінде негізгі капиталға инвестициялар бойынша жалпы оң динамика байқалады. Ең үздік көрсеткіштер Шымкент және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Павлодар облыстарында байқалады. Көлемдердің айтарлықтай төмендеуі Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Аталған өңірлерде инвестициялардың төмендеу себебі карантиндік шектеулерге байланысты ірі мұнай-газ жобаларының баяулауы болды», - деп түсіндірді спикер.