2020 жылы пандемия және онымен байланысты шектеу шаралары жағдайында жаһандық ТШИ ағындары 35%-ға төмендеді, бұл соңғы 30 жылдағы ең жоғары төмендеу. Құлдырау әлемнің барлық елдеріне әсер етті. Еуропаның дамыған елдеріне, Азияның дамушы елдеріне және өтпелі экономикасы бар елдерге ТШИ ағыны 30-45%-ға, Солтүстік Америкаға-20-35%-ға қысқарды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді. 


Оның айтуынша, Қазақстанда былтыр тікелей шетелдік инвестициялар көрсеткіші рекордтық 30% төмендеп, 17 млрд АҚШ долларын құрады.  


«Алайда, биыл оң динамика байқалады. Мәселен, ылдың 6 айының қорытындысы бойынша ел экономикасына 11,1 млрд АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 30,4%-ға артық. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 20 млрд. АҚШ долларын құрады, ал 2023 жылға қарай инвестициялардың пандемияға дейінгі деңгейіне 24,4 млрд АҚШ долларына жетеді деп күтілуде», - деді министрдің орынбасары. 


Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты айтарлықтай құлдыраудан кейін негізгі капиталға инвестициялар динамикасында қалпына келтіру байқалады. Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% артып, шамамен 10 трлн теңгені құрады.