«Келесі кезеңде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Қазақ инвесторы жергілікті серіктестер - қазақстандық компанияларды анықтайды, одан әрі жобаларды «буып-түю» және шетелдік мекемелер арқылы инвесторларды таргеттеу жүргізіледі. Бұл тәсіл біздің шетелдік мекемелерімізге 1000-нан астам мақсатты компаниямен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берді. Ең тартымды ұсыныстар мен талдауларды пысықтағаннан кейін 200-ден астам әлеуетті инвесторлармен кездесулер анықталды және өткізілді. Нәтижесінде, өңірлерге шетелдік қатысумен 60-қа жуық жоба тартылды. Әрбір деңгей үшін өз КРІ белгіленген», - деп қосты спикер.   


Шетелдік мекемелерге сыртқы деңгейде Қазақстанға инвестициялар мен компанияларды тарту бойынша нақты көрсеткіштер белгіленген. Орталық және өңірлік деңгейлерде барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің бірінші басшыларына ҚР Премьер-Министрімен жасалатын меморандумдар шеңберінде инвестициялар тарту бойынша нысаналы көрсеткіштер белгіленді. Өңірлік деңгейде инвестициялар мәселелеріне жетекшілік ететін әкімдердің арнайы орынбасарлары бекітілді.