Оның айтуынша, соңғы 5-10 жылда инвесторлар тарапынан өңдеуші салаларға үлкен қызығушылық байқалуда. Агроөнеркәсіп, химия, логистика, машина жасау секілді салаларға инвесторлар келуде. Аталған салаларда табысты жобалар жасауға барынша жағдай жасалған.

«Бұл бағытта «Қазақ Инвест» тарапынан мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Бүкіл әлемде пандемия есебінен өзгерістер орын алды. Оның бірі көміртек негізіндегі энергия ресурстарына сұраныстың төмендеуі. Оның бірнеше факторы бар. Атап айтқанда, әлемдегі елдердің климатқа кері әсерін төмендету мақсатында қабылдаған экономиканы декарбонизациялау стратегиясы. Мәселен, ЕО мемлекеттерінде 2050 жылға дейін көмірқышқыл газы шығындарын 0 пайызға дейін төмендету көзделген. Сәйкесінше, экономикалық тұрғыдан аталған бағыттағы жұмыс істейтін өнеркәсіптер қолдау табуда, және олардың өнімдері бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Екіншіден, бұл бағытта Қазақстан өзі біраз жұмыс істеп жатыр. Мысалы, қазіргі таңда елімізде 124 баламалы энергия көзін шығаратын мекеме жұмыс істейді. Жалпы, мемлекеттің энергия балансының 3 пайызы осы энергия ресурс өнімдеріне тиесілі, алға қойылған мақсаттарға сәйкес, 2060 жылы Қазақстан көміртек нейтрал экономика болуды көздейді. Бұл бағытта да жұмыстар жүргізілуде», - деді спикер өз жауабында. 


Оның сөзінше, инвесторлар Қазақстанда жасыл сутек өнідірісіне де үлкен қызығушылық танытуда.