«Заңның 6-бабында газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін және газбен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуі мен дамуына, тауарлық, сұйытылған мұнай газын және табиғи газды өткізу жағдайларына, газды тасымалдау, сақтау, өткізу және есепке алу талаптарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізетін Энергетика министрлігі тұлғасындағы уәкілетті органның құзыреті айқындалған. Заңмен Әкімдіктердің тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыреті белгіленген», - деді спикер. 


Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 729-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.