«Бірлескен іс-шаралар барысында екі мыңнан астам жадынамалар мен өзге де ақпараттық материалдарды халыққа және газ өткізетін кәсіпорындарға хабарлау және тарату ұйымдастырылды. Тауарлық газды газ тарату жүйесі бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларымен дөңгелек үстелдер өткізіледі; Республиканың газбен жабдықтау жүйелері объектілеріндегі авариялардың алдын алу мақсатында ТЖМ газбен жабдықтау жүйелері объектілеріндегі аварияларды тексерудің барлық материалдарын аумақтық бөлімшелерге, облыстардың қалалары мен аудандарының ЖАО-мен газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының жауапкершілігін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін жіберіледі», - деді спикер. 


Бұдан басқа, Премьер-Министрдің атына жергілікті атқарушы органдардың елді мекен шекаралары шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыруына қатысты проблемалық мәселелер туралы хат жолданды және оларды шешу жолдары ұсынылды.