«Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Ақмола облысының Шортанды кентінде қайғылы оқиға орын алды. Бір қабатты 3 пәтерлі үйде (қалқанды) 350 шаршы метр алаңда тұрмыстық газ баллонының жарылуы және пәтер шатырының құлауы орын алды. Өрт болған жерден 2 әйел мен 1 баланың денесі табылды, 10 адам күйік шалған ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 5 бала. Сонымен қатар, министрлікке келіп түскен ақпарат бойынша еліміздің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бүгінгі таңда 55 жағдай, газ-ауа қоспасының тарсылдауы мен тұтануы, тұрмыстық баллондардың жарылуы және газбен улану тіркелген, оның ішінде 33 газ-ауа қоспасы тарсылдауы, 16 тұрмыстық баллондардың жарылуы, 6 газбен улану, онда 86 адам зардап шекті, оның ішінде 14 бала, оның ішінде 21-і қайтыс болды, оның ішінде 3 бала. 
Газ-ауа қоспасының жарылыстарының, тарсылдауының және тұтануларының 36-сы тұрмыстық баллондарды пайдаланумен және олардың ақауымен байланысты. Бүгінгі күні қалыптасқан тұрмыстық газ баллондарының айналым тетігін және онымен байланысты процестерді талдау баллондардың апаттылығына байланысты көптеген проблемаларды көрсетті, олардың ең өзектісі елде халық пайдаланатын, заңсыз құю жүзеге асырылатын ескі және мерзімі өткен баллондардың үлкен санының болуы; баллондар паркінің қартаю үрдісі; айналымдағы баллондардың иесіздігі және оларды есепке алудың болмауы; баллондарды заңсыз толтыратын газ компанияларының қызметі; баллондарды толтыру және пайдалану процесінде қауіпсіздік талаптарын елемеу болып табылады», - деп атап өтті спикер.