«Өңірлер бөлінісінде өрт саны Атырау облысында 2 есе, Қызылорда облысында 23%, БҚО-да 14% және СҚО-да 10,8% артып отыр. Өрт кезінде қаза болғандар саны Ақмола облысында 5 жағдайға, Атырау облысында 4 жағдайға, Қостанай облысында, Павлодар және Түркістан облыстарында 1 жағдайға өскен. Өрт туындамай улы газбен уланудан 4 адам қаза тапты, 47 адам жарақат алды. Әлеуметтік жағдайды талдау көрсеткендей, өрт кезінде қаза болғандардың жалпы санының 74% жұмыспен қамтылмаған халық, 17,4% жұмыс істейтін халық пен студенттер және 8,6% мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар құрайды», - деді спикер.