Сондай-ақ, алдын алу жұмыстарымен автономды жылыту жүйелерімен байланысты ТЖ ұшыраған тұрғын үйлер қамтылады. 903 мың үй аулаларды аралаумен қамтылды азаматтарға толық нұсқау берілді.  

«Ағымдағы жылғы 1 маусым мен 19 қараша аралығында республика бойынша жеке тұрғын үйлерде 16 490 датчик орнатылған, оның ішінде табиғи газ – 7 758, улы газ – 8 284 және түтін газы бойынша – 448. 2021-2022 жж. жылыту маусымының басынан бастап улы газдың шекті рұқсат етілген концентрациясы туралы датчиктің іске қосылуының 3 жағдайы тіркелді, оның арқасында қатты уланудың алдын алынып, 29 адамның қайтыс болуы шектелді. 2019 жылдан бастап республика бойынша 3 жыл ішінде 137 мың датчик орнатылған. Осы жұмыстың нәтижесінде өткен жылыту кезеңдерінде 39 датчиктің іске қосылуынан 100 азаматтың өмірі нақты құтқарылды», - деді ТЖМ өкілі. 


Сонымен қатар, БАҚ арқылы өрттің алдын алу бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда ақпараттар орналастырылған. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.