«Өнеркәсіп өндірісі 0,1% -ға өсіп, 3,4 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде, қара металлургияда - 12,4% -ға, жеңіл өнеркәсіпте - 11,9% -ға, фармацевтикада - 5,8 есеге өсті. Бүгінде өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны тәуелсіздіктің барлық жылдары ішіндегі рекордтық көрсеткіш болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25% -ға артық. 2 600-ден астам отбасы мемлекеттік арендалық және кредиттік тұрғын үй алады», - деді облыс басшысы.