Өңір экономикасын әртараптандыру үшін 1,6 трлн теңгеге 70 инвестициялық жоба іске асырылуда. Биылғы жылы газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау және газды кері айдаудың 4-ші компрессоры, сондай-ақ жиһаз фабрикасы, сүт зауыты, өнеркәсіптік жылыжай кешені, пластмассадан қалдықтарды қайта өңдеу, заманауи демалыс базалары және басқа да ірі жобалар пайдалануға берілді. 


«Бұдан басқа, кірпіш зауытының, мұнай қыздыру пешінің, сүт-тауар фермасының, 3 көкөніс қоймасының және басқалардың құрылысы аяқталуда. Шетелдік инвесторлармен облыстың екі ауданында жалпы инвестиция көлемі 200 млн еуроны құрайтын жылына 40 мың тонна ірі сүт комбинаты мен құс фабрикасын салу бойынша келісімге қол жеткізілді», - деді спикер. 


Жалпы, 1994 жылдан бастап өңірдің өнеркәсіп өнімінің жылдық көлемі 258 есе өсті. Негізгі капиталға жыл сайынғы инвестициялар 2,8 млн теңгеден 481,5 млрд теңгеге дейін өсті.