«Пандемия кезінде облыс тұрғындарына басқа өңірлерге емделуге бару қиынға соқты, сондықтан біз медициналық қызметтер импортына талдау жасадық және екі жыл ішінде медициналық қызметтер мен операциялардың 20-ға жуық жаңа түрін енгіздік. Бұл облыс тұрғындарына жүрек, омыртқа, көру қабілетін лазерлік түзету, тері трансплантациясы және т.б. операциялар бойынша білікті көмек алуға мүмкіндік береді»,- деді спикер.  


Тәуелсіздік жылдарында облыста заманауи онкодиспансер, 8 емхана, 20 аурухана және 80 медпункт салынды.