Әкімнің айтуынша, қаладағы мектептер мәселесін шешуге жеке инвесторлар тартуды көздеп отыр. Күні бүгінге Орал қаласында жеке инвесторлар 2 мектеп салып жатыр. Сонымен бірге, республикалық физика-математика мектебінің филиалы мен «125 Highschool» жеке мектебі ашылды.
«Ауылдағы мектептерді бюджет қаражаты мен жеке инвесторлар арқылы шешетін боламыз. Ол үшін 60 және 108 орындық мектептердің жобалары дайындалды», - дейді өңір басшысы.
Жалпы тәуелсіздік жылдары БҚО-да 70 мектеп және 20 балабақша салынып, 107 жеке балабақша ашылған.