Тәуелсіздік жылдарында ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 25-тен 98,6%-ға дейін артып, ал ауыз сумен қамту үлесі 31-ден 88,4%-ға дейін өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БҚО әкімі Ғали Есқалиев баяндап берді.
«Жыл басынан 4 ауылға көгілдір отын жеткізілді, мереке қарсанында тағы 7 ауылға газ кіретін болады. Сонымен бірге жыл басынан 5 ауылға су өткізілген болса, осы айдың соңына дейін тағы 15 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылатын болады», - деп уәде берді әкім.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!