Оның айтуынша, бұл жұмыс мемлекеттік қолдау шараларымен қатар облыстың мал шаруашылығын дамытуға да өз үлесін қосуда. Атап айтқанда, жыл сайын мал басы өсуде. 10 айда ірі қара мал саны 9,6% - ға, жылқы 12,2% - ға, қой мен ешкі 1,5% - ға ұлғайды. Биыл үш бордақылау алаңы ашылды. Олардың жалпы сыйымдылығы 28 мыңнан 35 мыңға дейін артты. 2025 жылға дейін тағы 20 мың басқа көбейту жоспарлануда. 


«Батыс Қазақстан облысында биыл жалпы егіс көлемі 565 мың гектарды құрады, өкінішке орай, құрғақшылықтың салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімі өткен жылмен салыстырғанда төмен.
Алайда, облыстың фермерлері егіншілікте озық технологиялар мен жоғары өнімді ауылшаруашылық техникаларын қолдануға көшуде. Биыл Үкіметтің қолдауының арқасында 2019 жылдан бастап Ресейден облыстың оңтүстік-батыс аймақтарына жеткізілетін су көлемі екі есеге артты. Ұзындығы 185,6 км үш магистральды арнаны қайта жаңарту басталды. Бұл Орал өзенінің сол жағалауында 350 мың га дейін жайылымды ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біз Киров су қоймасын 65 млн текше метрге реконструкциялау жұмыстарын бастадық, сондай-ақ 40 млн текше метрге екі су қоймасы үшін жобалар дайындалуда. Биыл біз 6 мың га суармалы жерді іске қосамыз, 2026 жылға дейін 50 мың га дейін жеткіземіз»,– деді БҚО әкімі.