«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына келсек, маңызды, тарихи шешімдердің бірі ретінде, менің ойымша, Елбасының жалпы, астананы көшіру туралы шешімін атап өтуге болады. Тәуелсіздік таңында, жылдаржың қиын болғанына қарамастан, Елбасы өзінің саяси батыл шешім қабылдады, оны бәрі қолдаған жоқ, көбі қарсы болды. Бұл шешім Елбасымыздың көрегендігін байқатады. Бүгінгі таңда елорда бүкіл әлемге танымал. Бұрын халқының саны 270-280 мың болса, қазір 1,2 млн. Жастардың көбі осында тұрады, оқиды, отбасылар құрады, бизнес, жұмыс орындары ашылады, құрылыс жүргізілуде, яғни инвестиция тартылады. Бұл өте маңызды бағыт. Елордада әлемдік деңгейде жоспарлы халықаралық іс-шаралар өткізіледі, мысалы, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы, яғни бізді әлем деңгейде мойындады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, яғни Қазақстан бейбітсүйгіш ел ретінде бұл жерде бірігіп, бейбіт шешімдер, ЭКСПО және халықаралық деңгейдегі басқа да шаралар, сондай-ақ тұрғындарымызға және жалпы елімізге қатысты стратегиялық маңызды саяси шешімдер қабылдауға болатынын көрсетті. Бұл өте маңызды жұмыс. Біз тұрғындар ретінде осыны мақтан тұтуымыз керек», - деді әкім.