Оның айтуынша, 2022 жылы жұмыс жалғасатын болады және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген ауыл халқының үлесі 86,4% дейін өседі, тиісті қаржы бөлінді. 

«Мемлекетіміздің басым міндеті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып қала береді.  Бүгінгі күні ауыл халқының 72,6% және қала халқының 98,1% сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады. Мәселен, 2021 жылы 47 жобаны іске асыруға 15,2 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Биыл 104 ауылда тасымал су тарату пункттері орнатылды. Нәтижесінде, ауыл халқы бойынша көрсететін сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік жыл соңына дейін 75% жетеді. 2020 жылмен салыстырғанда сумен жабдықтау ауыл халқы бойынша 8% өсті», - деді спикер.  


Сонымен қатар, өңірді газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде құны 3,9 млрд теңгені құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясы ірі жобасы қолға алынды.  


Жыл басынан бері 25,5% өсіммен 387,2 мың м2 тұрғын үй тапсырылды. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар 38,2% өсті.